Орман-дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді
Шымкент қаласының аумағындағы орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орман-дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.
Оқу-жаттығу Қайнар-бұлақ учаскесіндегі өрт-бақылау мұнарасы аймағындағы «Жасыл белдеу» орман шаруашылығы аумағында өткізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша Шымкент қаласының егіс алқаптарының айналасына минералды жолақ жүргізу кезінде жұмыс істеп тұрған трактордан ұшқын ұшады, жақын маңдағы жайылымда өрт шығады. Өрт жақын маңдағы дақылдарға, орман шаруашылықтарына және тұрғын үйлерге қауіп төндіреді.
«Жасыл белдеу» коммуналдық шаруашылығының кезекші инспекторы өртті байқап, өртті таратпау мақсатында орманды дала өрттерін сөндіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өрт туралы хабарлайды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына Шымкент қаласы ТЖД және «Жасыл белдеу»КММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. Шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды және квадрокоптердің көмегімен жергілікті жерді барлау және өрт ошақтарын анықтау жүргізілді. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде өрттің егістікке, орман шаруашылығына және тұрғын үйлерге одан әрі таралуына жол берілмеді, сондай-ақ шартты өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оқу-жаттығу нәтижесінде орманды дала өрттерін сөндіру бойынша күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылына сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасында өрт туралы ақпарат алмасу тәртібі пысықталды, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Өрт сөндіру қызметінің өртке қарсы дороволды құралымдары мен өрт сөндіру бөлімшелерінің дайындығы тексерілді.
Осы оқу-жаттығуларға өрт сөндіру қызметінің барлығы 12 негізгі, қосалқы және арнайы техника және 70 адамы, «Жасыл белдеу» және «Бадам» орман шаруашылықтарының 5 бірлік техника және 19 адамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Сонымен бірге қалалық тіршілік қамтамасыз ету қызметтері мен 10216 және 35748 әскери бөлімдерінен 20 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.