Шымкент

ТЖ департаментінің бастамасымен балаларды жүзуге тегін үйрету ұйымдастырылды

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастамасымен балаларды жүзуге тегін үйрету ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда ұстай білудің негіздерін үйренеді.

Бүгінгі таңда аквапарк иелерімен ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды. Осы іс-шара аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін жүзуді үйренеді. Бұл әрекет бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Осы бағыттағы кезекті үйрету сабағы «Фонтан» аквасаябақта ұйымдастырылып, Тұран ауданындағы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларының балалары суда жүзудің негізгі әдістерін үйренді.

Іс-шараға Отырар телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетіп, «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасына сюжет дайындалды.

Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға жүйелі негізде патрульдеу жүргізеді. Рейдке қатысушылардың назары шомылатын жасөспірімдерге аударылады.

Осы ретте қаладағы танымал Қошқар-ата өзенінің бойында профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Жедел-құтқару топтың құтқарушылары, ТЖ мамандары мен әкімшілік және полиция қызметкерлері Қошқар-ата өзенінің рұқсат етілген жерінде шомылуға келген жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы еске салынды. Деседе, өзеннің шомылуға тыйым салынған жерлерінде суға түсуге келген жасөспірімдер, ата-аналар балаларымен, ер азаматтар да табылды. Жасөспірімдерге су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері еске салынды.Плакаттарды қолдана отырып, балаларға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайтынын, демалу үшін тек арнайы жабдықталған орындарды таңдау керектігін ересектерге трағы да ескертілді. Сонымен бірге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастамасымен балаларды жүзуге тегін үйрету ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда ұстай білудің негіздерін үйренеді.
Баспасөз-туры барысында «Шар-шара» демалыс орнына Еңбекші ауданынан 10-нан аса балаларға суда жүзу дағдылары үйретілді.

Back to top button