Шымкент

Шымкентте жол көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Тұран АПБ-ның 102 арнасына жергілікті тұрғындардан қоңырау түсті. Олар белгісіз автокөлік тізгіндеушісі көшедегі газ жәшігін соғып, жауапкершіліктен жалтару мақсатында, оқиға орнынан кетіп қалғанын жеткізді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалды.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау испекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі ГАЗ- 3302 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ер адам, бүгін қала аумағында Патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталды.

Аталған жайтқа қатысты, полицейлер ҚР ӘҚБтК 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа жеткізілді. Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жібереді. Өз кезегінде, автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған екі жүргізуші жауапқа тартылды. Мегаполис полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жол жүрісі қағидатының талаптарын өрескел бұзған « Lada granta» және «Chevrolet cobalt» маркалы автокөліктері түсірілген бейнежазбаны анықтады. Аталған жайтты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бақылауға алып, қос жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды. Нақтырақ айтқанда, «Lada granta» автокөлігінің тізгіндеушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бес бабымен хаттама толтырылды; 593-бабы 2-бөлігі «Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау», 596-бабы 5-бөлігі «Көлік басқаруға құқығы жоқ адамның қарсы бағытқа шығуы», 599-бабы 1-бөлігі « Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өту», 606-бабы 1-бөлігі «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы», 612-бабы 4-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы».

Back to top button