Жаңалықтар

«Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік» тақырыбында кітапшалар тарқатылды

Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Мобильді топ” “Қырғы” базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік бағдарламалар: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, “Неке шеберлікті талап ететін іс”, “Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік” тақырыбында кітапшалар тарқатылып, түсіндірме жұмыстары ары қарай жалғасын тапты.

«Бақытты бала өсірейік» тақырыбында бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті екені айтылды. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу.

Бала болмысын қарым-қатынас өнімі ретінде қарастырсақ… Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасы.

Сан мың отбасының өзара гармонияда ғұмыр кешуі кез келген өркениетті жұрттың басты мұраты. Айналасына қажеттілігін сезініп, қадірлі екеніне көзі жеткен жанның өміріне мән бітеді. Тік және көлденең қарым-қатынас: іргетас пен өріс. Қарым-қатынас – үйлесімді, бақытты және шуақты өмірдің бір бөлігі. Әртүрлі белгілер мен өлшемдерге сәйкес қатынастардың бірнеше жіктелімі бар. Енді көлденең және тік қарым-қатынастардың айырмашылығын және оларды шатастырмай, өз уақытында дұрыс қолдану ретін айтайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button