Жаңалықтар

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде автокөліктерге абай болыңыздар!

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Абай даңғылы және Гагарин көшелерінің қиылысында «Hyndai Sonata» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен, құжаттарымен бірге өртенді. Өрт 8 минутта толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды.

Естеріңізде болсын! Автокөліктегі өрт бірнеше минутта өршіп кетеді. Өрт оқиғасы туралы 101 немесе 112 телефон номеріне хабарласыңыздар.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне сағат 12:25-те автокөлікке жүргізуші қысылып қалғаны туралы хабар келіп түскен.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі мен өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барып, Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында жер асты жүру жолын салу орынында, «КАМАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соқтығысқанын анықтады. Нәтижесінде көлікке қысылып қалған 1989 ж. т. көлік жүргізушіні арнайы авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 04.15-те Туран ауданы Алматы тас жолы «Жібек жолы » базарына қарама қарсы бетте орналасқан жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығында өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрттің көлемі шамамен 200 ш.м. құрады. Сондай-ақ жылудың әсірінен 3 жүк автокөлігі зақымданды. Өрт сағат 05.02-де оқшауланып, 05.20-да толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 10 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 59 адам , апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button