BasNewsЖаңалықтар

Өзбекстанда ер адам өзінің нәресте қызын сатуға шығарған

Өзбекстандағы Ангора ауданында ер адам нәрестесін 1,3 миллион теңгеге сатуға тырысқан, – деп Basnews.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны полицейлерге қаскөйдің көршісі хабарлады. Оның айтуынша, Ангора ауданында 54 жастағы ер адам жаңа туған қызын 35 миллион сомға (1,3 миллион теңге) сатпақ болған.

Ол төрт жыл бойы 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде болған.

Ер адам сәбиді сатып, ақшасын алған кезде ұсталып, қамауға алынды.

Өзбекстан Қылмыстық кодексінің “Адам саудасы туралы” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.

Back to top button