Алматы облысындағы тағы бір лагерьден шу шықты
Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Альтаир» лагерінде демалатын балалардың ата-аналары жағдайдың нашарлығына шағымданды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарасай ауданындағы лагерьде балаларының демалуына ата-аналар қатты наразы болды. Олардың айтуынша, балалар шағын және қараңғы бөлмелерде тұруға мәжбүр болса, лагерь басшылары мен қызметкерлері коттедждерде тұрады. Ата-аналардың айтуынша, мекемеде тамақ нашар, дәретхана, душ жұмыс істемейді.
«Кеше түнде қызым шақырған соң алып кеттім. Жағдайы қорқынышты, тағамы шала піскен, бала тарақандары бар казармалық бөлмеде тұрған. Душ қорқынышты, дәретхана сынған – сусыз», – деді ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемеде.
Қазір лагерьде 360 бала демалып жатыр. Жағдайды анықтау үшін Zakon.kz тілшісі Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваға хабарласты. Оның айтуынша, қазір бұл факті бойынша барлық ақпарат нақтыланып, тексеріліп жатыр.
«Лагерь Бекболат ауылында орналасқан. Алматы облысынан балалар жоқ. Қазір прокуратура лагерьді тексеруге кірісті», – деді басқарма басшысы Zakon.kz тілшісіне.
Бұған дейін ата-аналар Қонаев атындағы балалар лагеріндегі жағдайдың нашарлығына шағымданған.