Жамбыл облысында дала өрті 200 гектар аумаққа жайылды
Жамбыл облысындағы «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында құрғақ шөп өртеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылғы 2 тамызда Меркі ауданы Ақтоған ауылынан 20 км жерде таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанған.
“Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді (шамамен 16,5 тонна). ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 бірлік техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы жұмылдырылған.