BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды

«Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 13 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жасөспірім тәрбиешінің жетекшілігімен балалар лагеріне кетіп бара жатқан. Олар ас-суды өздерімен бірге алып кірген.

Пойызға мінгеннен кейін 1,5 сағаттан кейін ол өзін жайсыз сезінді. Пойыз бригадасы Нарын станциясына жедел жәрдем шақырды. Медициналық қызметкерлер жеткенде бала қайтыс болып кеткен.

Баланың неден қайтыс болғаны тиісті сараптамалардан кейін белгілі болады.

Back to top button