Жаңалықтар

Ұлы жол – Abai Joly 100 miles

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленген. Ұлы ақын шығармашылығын, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау үшін 2023 жылдың 9 тамыз күні Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық ультрамарафон өтеді. Жарысты ұйымдастырушы Абай облысы әкімдігі және «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестік.

Елімізде спорттық зерттеулерді  дамыту және бұқаралық спортты жандандыру аса өзекті мәселелер.  Сондықтан болашақта дәстүрлі түрде жалғасатын жарыс – қазақтың ұлы ақыны Абайдың құрметіне өткізіледі. Атауы – «Abay joly 100 miles» сондықтан.

Жарысты ұйымдастыру Абай облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы,оның жетекшісі PhD доктор Ержан Әнуарбекұлы және «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы социология ғылымдарының кандидаты Рамазан Саттарұлының  тарапынан болып жатыр.

Қазақстанда бұрын жаяу жүгіруден 100 миль немесе 160 шақырымдық қашықтыққа жарыс өтпеген. Жарысқа жиырмадан астам желаяқ қатысады, олар Астана, Қостанай, Павлодар, Зайсан, Петропавловсктен келді. Семей қаласы мен Абай облысының өкілдері де бар. Бірнеше спортшы Қытай мен Ресейден келген. Олар бәрі тәжірбиелі желаяқтар, әр қайсысы өз жасының категориясында чемпион болып жүрген жігіттер.

Ультрамарафонның екінші дистанциясы Семейден Бөрліге дейін 50 миль, яғни 80 шақырымдық қашықтықты қамтиды, оған қатысушылардың көбі ультрамарафонға енді машықтанып жүргендер.

Дистанция бойынша әрбір 10 шақырым сайын тамақтану пункті болады, Абай облысының дәрігерлер мен жол полициясының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын іске асырады.

Жарыстың демеушілердің қолдауы арқасында өтеді. Жүлде қоры Абай облысы Спорттық шаралар өткізу дирекциясы тарапынан. Абай ауданы әкімшілігі Бөрілі, Жидебай мен Қарауылдағы жарысқа қатысты шараларды ерекше жауапкершілікпен атқарып жатыр.

Қонақ үй, тамақтану мен басқа шығындар Шәкәрім, Алихан Бөкейхан және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттері көтеріп алды. Семейдегі «Ақ шың» корпорациясы, «СемАз» заводы, «Восток» кафесі, «Құрманбай» және «Жаныс» шаруа қожалықтары, Орал қаласының «Рой» кооперативі, Астаналық «Shanyraq.remont», жеке кәсіпкерлер Самарғали Талғат, «Жарқын_Жанар», Сырым Ақшалов, Алма Қасымханова, Балкаш Исмаил өз үлестерін қосты.

Бірнеше жеке тұлғалар, спортсүйер азаматтардың да жеке үлестері мен жүзге жуық еріктілердің қызметі үшін ұйымдастырушылар алғыс айтады.

Ультрамарфонның ашылу салтанаты 2023 жылдың 9 тамыз күні сағат 9:00 Абай аэропорты алдында басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button