Жаңалықтар
Тәрбиешілердің жалақысын арттыру, тегін тамақпен қамту: Министр балабақшалардағы бастама жайлы айтты

Балабақшадағы тегін тамақ. Тәрбиешілер жалақысы. Баланы кезекке қою тәртібі. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі өзгерістер жайлы айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тәрбиешілердің еңбекақысын арттыруды тапсырған болатын. Биыл 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30% – ға көтеріледі. Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың бөлінуін ашық жүргізу үшін жыл соңына дейін «Балаларды кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» әзірленуде. Оны толықтай іске қосу жылдың соңына дейін жоспарланып отыр», – деді министр.



