Шымкентте інісін өлтірген күдікті ұсталды
Шымкентте інісін өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен демалыс күндері Еңбекші АПБ-ның «102» арнасына кісі өлімі туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша жедел-тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да шыққан.
«Мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапқан. Жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен», – делінген хабарланған.
Қызметкерлер ер адамды қамауға алды.
«Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған. Бүгінде аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.