BasNewsЖаңалықтар

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміз бойынша 26 тамыздағы ауа райы болжамын ұсынды – республиканың басым бөлігінде аптап ыстық болса, кей өңірлерле найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тұман күтіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Кең ауқымды және аз қозғалатын антициклонның оңтүстік, оңтүстік-шығыс перифериясы бұрынғысынша еліміздің басым бөлігінің ауа райының қалыптастырып, ашық және құрғақ ауа райын сақтайды. Сондай-ақ, ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақтала отырып, бұл өңірлерде найзағай, жаңбыр жаууына әсер етеді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі», – делінген хабарламада.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +25…+27°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +30…+32°С болады.

Back to top button