Шымкент

Есірткі заттары бейнеленген тауарларды сатуға тыйым салынады

Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары ұдайы түрде сауда нүктелерінде есірткі және нашақорлықтың алдын алу бойынша ескерту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аталған іс-шара барысында олар бұл жолы «Рахима Плаза» сауда үйінде түсіндіру амалдарын жүргізді. Нақтырақ айтқанда, сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ол бойынша арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылуда.

Республика көлемінде үйымдастырылған «Қарасора-2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының 1 ай қорытындысымен Шымкент қаласы бойынша полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымымен байланысты жалпы 61 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның 29-ы қылмыс және 32-і қылмыстық теріс қылық болып табылады.

Соның ішінде, іс-шараның негізгі бағыты болып табылатын құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру (ҚР ҚК-нің 300-бабы) бойынша жалпы 16 дерек анықталып отыр. Мәселен, полиция қызметкерлері үй аралық және аула аралық қарау жұмыстарын жүргізу барысында, 112 орамдағы үйінің ауласында 148 түп «сора» өсімдігін өсірген 51 жастағы ер азаматты құрықтады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, Қайнарбұлақ саяжайындағы үйінің ауласында 132 түп «сора» өсімдігін өсірген 53 жастағы жергілікті тұрғын құрықталды. Сол секілді, полиция қызметкерлері Сайрам тұрғын алабындағы өз үйінің ауласында 30 түп «сора» есімдігін өсірген 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бүгінде шымкенттік полицейлер жоспарға сәйкес қаладағы барлық жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Атап өту қажет, «ҚАРАСОРА-2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады. «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті.

Back to top button