Шымкент көшелерінде ойына келгенін жасаған «Байкер сымақтар» жазаланды
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін елемеу жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін екенін еске салады.
Мопед мінген он жас жігіт түнде Арбатта жиналып, нағыз байкерлерге еліктеп, қаланы аралап шығуды ұйғарған. Жігіттер өздерін автожолдардың иесі сияқты сезініп, жол үстінде ойларына келгенін істей бастаған.
Полиция департаменті жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы мопедистердің көптеген заң бұзушылықтар жасап жатқанын байқады.
ЖБО-ның кезекшісі оларды ұстау үшін патрульдік полицейлерге бағыт-бағдар берді. Тәртіп сақшылары «шуылдақтарды» Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында ұстады. Бейберекет жүруді ұнататындар ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен ( Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) жауапқа тартылды.
Бұдан бөлек, олардың кейбіріне қатысты бастапқы жиналған орындарында темекі қалдығын және өзге де қоқысты тастағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-2 бабы ( Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша хаттама толтырылды.
Жолда жүру ережелерін қатаң сақтау апаттар мен адам шығынын болдырмауға көмектесетінін ұмытпаңыз.
Шымкентте автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде хат жазысып, телефонмен сөйлескені үшін жазаланды. Қоғамдық көлік жүргізушілеріне ерекше жауапкершілік жүктелген, өйткені жүздеген жолаушы мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі олардың қолында. Алайда, көлік жүргізу кезінде олар адам өміріне жауапты екендіктерін бәрі бірдей түсіне бермейді.
Автобус жүргізушілерінің жиі кездесетін қауіпті бұзушылықтарының бірі-көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану. Әлеуметтік желілерді мониторингі жүргізу барысында мегаполис полицейлері осындай кезекті құқық бұзушыны анықтады. Көлікті басқарудан гөрі гаджетіне алаңдаған жүргізуші автобус жолаушысының алаңдатушылығын тудырған.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде телефонмен сөйлесуді ұнататын азаматты анықтады. Ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 591-бабы бойынша жауапқа тартылды. Осы бұзушылықты жасағаны үшін ол 5 АЕК айыппұл төлеуге тиіс.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында смартфонды пайдаланғаны үшін 5 мыңға жуық автокөлік жүргізушісі жазаланды.