СауалнамаШымкент

Шымкент полицейлері дәстүрлі байқауда бақ сынады

Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Парасатты полицей-2023» байқауы өтті. Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыруға және ана тілімізді кеңінен насихаттауға бағытталған салтанатты шараға 6 команда қатысты.

Оның ішінде, “Абай жастары”, “Қаратау серілері”, “Собрлы жігіттер”, “Мегаполис”, “Тұран” және “Достық” командалары өнер көрсетті. Сайыс “Жаңа Қазақстан” және “Абай оқулары” атты екі айналымнан тұрды. Өнерлі қатысушылар өзара бәсекеге түсіп, кімнің шын мықты екенін дәлелдеді.

Әділқазылар алқасының шешімімен ең жоғары ұпайға ие болған “Мегаполис” командасы 6-8 қыркүйекте Жамбыл облысында өтететін республикалық байқауға жолдама алды. Бір ғана ұпай айырмашылықпен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың “Собрлы жігіттер” командасы жүлделі 1 орынды иеленді. Екінші орынға «Қаратау серілері» тобы лайық деп танылса, үздік үштікті «Тұран» командасы тәмамдады.

“Достық” командасының тәртіп сақшылары “Көрермен көзайымы” номинациясына ие болса, Абай жастары “Ұйымшыл топ” номинациясына лайық деп танылды. “ Ұлты өзге,тілі бір” атты ерекше марапат “Достық” командасының мүшесі Алексей Захарға табысталды.

Айта кетейік, аталған өнер сайысы 2014 жылдан бері полиция қызметкерлері арасында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқауға айналды.

Бұдан бөлек, Шымкент полицейлері адам саудасына қарсы күрес акциясын өткізді. 30 шілде – «Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні» қарсаңында Шымкент ҚПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Адам саудасын бірге тоқтатайық!» атты ақпараттық науқан өткізді. Аталған шара, мегаполис аумағындағы негізгі орындарда ; қалалық перинаталдық орталықта, әуежай және теміржол вокзалында ұйымдастырылды.

Акцияға тәртіп сақшыларынан бөлек, «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ және №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары жұмылдырылды.

Мұндағы басты мақсат – адам саудасының алдын алу, азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы олардың ақпараттық қорын кеңейту болып табылады. Өйткені, адамдардың хабардар болуы және күдікті жағдайларды дер кезінде тану қабілеті көптеген өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Back to top button