Шымкент

Шымкент қаласы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді

Шымкент қ.ТЖД «101» диспетчерлік пультіне сағат 15:45-те Тұран ауданы, Қазыбек би көшесі бойында құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына №1 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Оқиға орнында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 17.34_те оқшауланды, сағат 18.45_те сөндірілді.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 47 адам жеке құрамы, 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы, қалалық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Демалыс күндері Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру бөлімдері 36 рет жану оқиғаларына шықты. Басым көпшілік жағдайда құрғақ шөп пен қоқыстар жанған.

Құрметті қала тұрғындары! Қала аумағында жоғары өрт қауіпті жағдай сақталынуда.

Шымкент қаласы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді:

– ешқандай жағдайда құрғақ шөпті өртемеңіз;

– саяжай учаскелерінде қоқыс пен қалдықтарды тек арнайы жабдықталған жерлерде жағыңыз;

– желді және қатты ысыған ауа райы кезінде қоқыс жағуға, от жағуға тыйым салынады;

– шымтезек топырақтарында және ағаш ғимараттардың жанында от жағуға болмайды. Есіңізде болсын, от жағу үшін қауіпсіз қашықтық 50 метр болып саналады.

– балаларға сіріңкемен ойнауға, оларға шөпті жағуға жол бермеңіз.

Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, қоқысты өртегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу шарасы да белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда;  бүгінгі таңға 158 үгіттеу шарасы жүргізілді, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді.

Back to top button