Шымкент

Өрт қауіпсіздігі, шомылу маусымында сақтық ережелер және жас балалардың терезеден құлау фактілері туралы

Оңтүстік телеарнасының «Түскі уақыт» бағдарламасында қауіпсіздік туралы тікелей эфир арқылы айтылды. Бағдарламада Шымкент қ.ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Ирсмат Махмудов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Бақберген Қанайбек, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Мерей Келегулов, Анықтау бөлімінің бастығы Ғазиз Тұрманов сөз сөйледі.

Басты тақырып – өрт қауіпсіздігі, шомылу маусымында сақтық ережелер және жас балалардың терезеден құлау фактілері туралы болды.

Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғасы болып табылады. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім, өте осал болып келеді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, терезелерді ашық қалдырмаған, терезені тиісті қорғаусыз маса торларын пайдаланбаған жөн. Себебі, бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, нәтижесінде, бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін. Бала терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаған дұрыс. Тұрғын үй секторындағы өрттің болу себебі көбінесе балалардың қараусыз қалып отпен ойнауынан орын алып жатады. Осындай өрттерді алдын алу үшін балаға ашық от өте қауіпті.

Онымен өте абай болу керек, ол үлкен зиян келтіруі және өмірден айырылуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Өрт немесе жану болмаған жағдайда және болған жағдайда бала не істеу керек, өзін қалай ұстау тиіс, соны балаларға жете түсіндіру қажет.

Өте жиі өрт шыққанда бала шошып тығылып қалады. Бұндай жағдайларда бала қандай қауіп төніп тұрғанын білмегендіктен туындайды. Үрей — әрқашан қабілетті жоғалтадындығын, сабырлы және ақылмен әрекет етсе қиындықтан шығатын жол таба алатындығы жөнінде қажетті білім берілсе қандай жақсы?! Ең бастысы, егер өрт екі минуттан көп болса, онда өрт шыққан жерден тез арада кету қажет.

Балалар өрт болған жағдайларда еш уақытта тығылуға болмайтынын түсіну керек. Ересектер балаларды жабық бөлмеде қалдырмауға болмайтынын түсінуі тиіс. Осыны әрбір адам жадында ұстағаны абзал.

Back to top button