Қала аумағында болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық тексерілді. Қала әкімінің үкіміне сәйкес жедел түрде дабыл бойынша жиналатын жедел ден қою жинақталған жасақтың күштері мен құралдары көтерілді. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Ж.Кәрімбаевтың басшылығымен өткен іс-шарада жасақтың құрамына кіретін қызметтерге тарсырма берілді.
Тұран ауданында өткізілген сейсможаттығу барысында Апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін пысықтады.
Тұрғындарды орталықтың заманауи медициналық құрал-жабдықтарымен таныстырып, олардың функциялары іс-жүзінде көрсетілді.
Болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде, терезелерден, ауыр жиһаздардан және тағы басқа да қауіпті нысан маңынан алыстатып, алдын ала дайындалған ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға орналасу тәртібі де көрсетілді.
Өрт сөндіру автокөлігінің арнайы сатысымен шартты түрде зардап шеккен 2 адам жоғарғы қабаттан шығарылды. Апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, тұрғындарға заманауи құрал-саймандарымен таныстырып өтті.
Тренингте ТЖ қаупі төнген кезде қала тұрғындарының іс-қимылдары пысықталды. Іс-шараға тұрғын үйдің 80-нен аса тұрғындары, Тұран ауданының ТЖ басқармасы мен әкімшілігі, Апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы, өрт сөндіру бөлімдері қатысты.
Айта кетейік, Тұран ауданы аумағындағы сейсмикалық жаттығулар қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған.
Шымкент қ.ТЖД «101» диспетчерлік пультіне сағат 15:45-те Тұран ауданы, Қазыбек би көшесі бойында құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына №1 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Оқиға орнында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 17.34_те оқшауланды, сағат 18.45_те сөндірілді.