Шымкент қаласының ТЖ департаменті дағдарыс орталығында брифинг өткізді
Шымкент қаласының ТЖ департаменті Дағдарыс орталығында брифинг өткізілді. Басты тақырыбы – қаладағы субұрқақта орын алған жазатайым оқиға туралы. Бас спикер болып Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Нұржан Қаракөзев сөз сөйледі
Қала бойынша судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің №107 бұйрығының критерийына жататын, су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Алайда, Министрліктің №107 бұйрығының критерийына сәйкес есепке алынбайтын 5 жағдай орын алды. Олардың басым бөлігі жеке тұрғын үй ауласында құрылған каркасты бассейндер, құбырлар және субұрқақтар болып табылады.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде сағат 19.30-да ТЖ департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына хабарлама келіп түсті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, 2013 жылғы ер бала суға шомылған. Тереңдігі 120 см субұрқақтың ішінде суға тұншығып, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда Полиция департаментімен сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
Қала аумағында жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс жасауда. Қала аумағында орналасқан субұрқақтар Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының меншігінде.
Сонымен бірге, қала аумағында 18 бассейн мен аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс атқаруда.
Аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша 13 меморандум жасалып, 1200 ден аса баламен инструкция өткізілді.
Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады. Нәтижесінде Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы бойынша 11 тұлғаға 132 825 теңгеге айыппұл салынды, ал Полиция департаментінің тарапынан 364-бабы бойынша 12 тұлғаға ескерту берілген, 440-бабымен 4 тұлғаға 37700 теңге айыппұл салынған.
Қала аумағында шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.