Шымкент

Бадам каналының бойындағы тыйым салынған жерге шомылуға келгендерге судағы қауіпсіз шаралар ескертілді

Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының еріктілері бірлесіп кезекті профилактикалық рейд өткізді.

Бадам каналының бойында тыйым салынған жерге шомылуға келген жасөсіпірімдер мен ересек адамдарға судағы қауіпсіз шаралар ескертілді.

Шымкент қаласы әкімі орынбасарының «2023 жылғы шомылу кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

Еңбекші ауданы аумағында шомылу орындарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тізімі жасақталды («Сауран», «Рахат Бадам», «Холодильник»). Аталған демалыс орындары иелерімен шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Бадам және «Сайрам су» өзенінің бойы шомылуға тыйым салынған орын ретінде белгіленіп, арнайы 20 дана тақтайшалар орнатылды.  Сондай-ақ, шомылуға тыйым салынған орындарға күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, әр аптаның демалыс күндері жергілікті учаскелік полиция, Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Еңбекші бойынша 2023 жылғы шомылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Еңбекші  аудандық Полиция басқармасымен бірлесе «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында аудан аумағындағы суға шомылуға қауіпті «Бадам, Сайрам су» өзеніне жақын орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына, мектептерге балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмау туралы түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.

Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша аудан аумағында орналасқан білім беру нысандарын, елді мекеннің орам басшыларын қамти отырып, үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, Еңбекші ауданы бойынша «Сауран», «Рахат Бадам», «Холодильник» демалыс орындарының иелерімен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларын тегін шомылдыру бойынша меморандум жасақталды.

Back to top button