Шымкент

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Әл-Фараби ауданы әкімінің 2023 жылғы 16 маусымдағы №02-10/43 өкіміне сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.  Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты мемлекеттің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы Сыбайлас жемқорлыққа келесі анықтама береді-бұл «…мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңда көзделмеген қабылдауы не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, сол сияқты осы адамдарды жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы сатып алуы».

Back to top button