Қауіпсіздік – басты міндет
Тұран ауданы әкімінің аппараты, Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Тұран ауданы төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесе отыра, «Қауіпсіздік – басты міндет» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.
Төтенше жағдай орын алған кезеңдегі жер сілкінісі, сел жүруі, өрт, су тасқыны сынды өзгеде қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен оқу-жаттығу жұмысы, Тұран ауданына қарасты 4 шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде өтті. Онда төтенше жағдай орын алған уақытта қалай қорғану кезеңдері мен алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары көрсетілді.
Оқу-жаттығу жұмысына тұрғын үйлерден 80-нен аса тұрғын қатысты.
Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу қажет?
- Алғашқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық)
- Алғашқы жәрдем дәрі қорабы.
- Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).
- Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы.
- Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы.
- От жағатын жағдайға арнап – герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.
- Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.
- Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда).
Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді.
Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез-келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.
Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға – су өтпейтін, қысқа – жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Шатыр мен ұйықтауға арналған қаптар болғаны дұрыс.