Шымкент

Девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында семинар-тренинг өтті

«Бақытты мекен» жобасы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі – отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан болып жатады.

Осы орайда, Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары «Alpha Academy» оқушыларының қатысуымен алдымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түрлі арт-терапиялық ойындар ойнатты.

Социологиялык зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құкыктык мінез құлығының себептері мен максаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың кұкыктык сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құкык бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(кылмыстык) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.

Девиантты мінез құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптаскан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұксат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі кұқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр. Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады.

Потология-элеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: кылмыс, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей жэне нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.

Құкык бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ак коғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті кауіптілімен ерекшеленеді. Бұл кұбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттаскан қоғамдық кұбылыстармен байланысын, сондай-ак оларды жеңу жолдарын айқындау.

Back to top button