Шымкент

“Stop bullying” тақырыбында семинар-тренинг өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Stop bullying» тақырыбындағы «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру» орталығы жастарының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кездесу барысында жастарға «кибербуллинг» пен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арт-терпиялық ойындар ойнатылды.

Девиантты мінез-құлық– жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет , осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары, моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы. Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес , отбасындағы дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу – девиантты мінез-құлық деп аталады. Ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Олар: Жанұяда берекенің болмауы; Ата-ананың «ерекше» қамқорлығы; Тәрбие берудегі кемшіліктер; Өмірде кезігетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау; Өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен; құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы; Сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау; Психоактивті заттарды жиі пайдалануы; Агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы; Мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы; Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.

Аталған себептерден әлеуметтік-педагогикалық факторларды ажыратып алатын болсақ , олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде , баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Мұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы , жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.

Back to top button