Шымкент

Жастар арасында отбасы құндылықтары жөнінде семинар-тренинг ұйымдастырылды

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастарды отбасылы өміргі дайындау” тақырыбында «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында семинар-тренинг өтті.

Мақсаты – жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу.

Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Жібек Сайдахан жастарға отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіп, тақырып аясында түрлі ойындар ойнатты.

Семинар-тренинг соңында, жастармен кері байланыс орнатылды.

Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық  аспектісіне келмес бұрын «Отбасы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. Аристотельдің айтуы бойынша, «Отбасы – адамдар қарым-қатынасының алғашқы түрі, ол мемлекеттің алғашқы ұяшығы».  Сондықтан да, мемлекетте отбасының орны ерекше және оны елге терең түсіндіру қажет. Отбасының өкесі де осыған өмірлік іс-әрекетінің сферасы, оның мүшелерінің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты. Жалпы, отбасы түсінігінің мән-мағынасы өте кең болып келеді. Отбасы – дегеніміз не? Деген сұрақ қойылғанда, бәрімізге ата-ана мен балашаға туралы ойлар келеді. Яғни, отбасы тек осы мүшелермен ассоциацияланады.

Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік жарды таңдау қиынға соғады. Өйткені қазіргі жастарда, отбасы, неке туралы түсінік азын-аулақ. Сондықтан да, қазіргі таңда, осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Сонымен қатар, Батыстың азаматтық некесі де осыған әсер етеді. Осы себептен жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.

Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келетін болсақ, біз мына ұсыныстарды ұсынар едік:

  1. Отбасы туралы балаға ата-ана, кішкентай күнінен бастап дұрыс түсінік беру керек.
  2. Мектепте, жоғарғы оқу орындарында отбасына қатысты түрлі тренинг-жаттығулар өткізілуі тиіс.
  3. Жастарға отбасы және неке туралы көптеген ақпараттар берілуі керек.
  4. Отбасында болатын түрлі конфликттер мен мәселелерді шешу жолдарын үйрету керек, сонымен қатар психологиялық кеңес беру қажет.
  5. Отбасын құру, екі жастың қалауымен болуы керек.
  6. Отбасын құрудағы басты мәселе, жастар бір-бірін жақсы түсіне білуі керек.
Back to top button