Шымкент

Суға шомылу маусымы: Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Еңбекші ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Асқар Рысбекұлы мен ерікті жастар қатысып, Тоғыс елді мекенінде орналасқан демалыс аймақтарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және алдын алу.

– Жазғы маусымда ең қауіпті кезеңдерінің бірі – суға шомылу. Шомылуға рұқсат етілмеген жерлер мен қауіпсіздік шараларын дұрыс ұстанбау нәтижесінің соңы қайғылы жағдайларға соқтырады. Сіздерді барлық қауіпсіздік ережелерін ұстауға шақырамыз, – деді ТЖБ инженері Асқар Рысбекұлы.

Түсіндірме жұмыстары барысында суға шомылу кезеңінің қауіпсіздік ережелері мен оның алдын алу бойынша түсіндіріліп, жаднымалық парақшалар тарқатылды.

Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтап, ҚР Әділет министрлігі қол қойып, нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Олар:

  1. Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
  2. Сайрам-су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
  3. Текесу су қоймасы;
  4. Ақжар су қоймасы;
  5. Шымкент магистралды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары;
  6. Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары;
  7. Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
  8. Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
  9. Қайнарбұлақ жасанды көлі;
  10. Азат каналы;
  11. Көкбұлақ каналы;
  12. Хауау каналы;
  13. Сасық каналы.
Back to top button