Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Абай ауданы төтенще жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Балалар қауіпсіздігі” тақырыбында Қайнар бұлақ саяжай алабы тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік пен балалар қауіпсіздігін сақтау.
Түсіндірме жұмыстарында жаз маусымындағы қатаң сақталуы қажет ережелер мен есік алдында ашық тұрған шомылу орындарының қауіпсіздігі жөнінде түсіндіріліп, жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз! Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты.
Шымкент қаласы әкімі орынбасарының «2023 жылғы шомылу кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмысшы топ құрылды.
Еңбекші ауданы аумағында шомылу орындарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тізімі жасақталды («Сауран», «Рахат Бадам», «Холодильник»). Аталған демалыс орындары иелерімен шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Бадам және «Сайрам су» өзенінің бойы шомылуға тыйым салынған орын ретінде белгіленіп, арнайы 20 дана тақтайшалар орнатылуда. Сондай-ақ, шомылуға тыйым салынған орындарға күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, әр аптаның демалыс күндері жергілікті учаскелік полиция, Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Еңбекші бойынша 2023 жылғы шомылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Еңбекші аудандық Полиция басқармасымен бірлесе «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында аудан аумағындағы суға шомылуға қауіпті «Бадам, Сайрам су» өзеніне жақын орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына, мектептерге балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмау туралы түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.