Шымкент

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаменттің басым міндеттерінің бірі болып табылады

Бүгінгі күні, республика бойынша су айдындарында 153 адам суға батты, оның ішінде 42 бала. Қала бойынша судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің №107 бұйрығының критерийына жататын, су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Алайда, Министрліктің №107 бұйрығының критерийына сәйкес есепке алынбайтын 7 жағдай орын алды. Олардың басым бөлігі жеке тұрғын үй ауласында құрылған каркасты бассейндер, құбырлар және субұрқақтар болып табылады.

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Департаменттің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Өңірдің климаттық жағдайына байланысты, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан жазатайым оқиға орын алуда. Айта кетсек:

2023 жылдың 05 тамыз күні сағат 13-15 те Департаменттің дағдарыс жағдайлар басқармасына хабарлама келіп түсті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Алматы тас жолы, Дача, суару арнасында ата-анасының қарауынсыз 2021 жылғы ер бала суға құлап, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда Полиция департаментімен сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

07 тамыз күні сағат 15:20 да Департаменттің дағдарыс жағдайлар басқармасына 103 қызметінен хабарлама түсті. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Алматы тас жолы, қалалалық тазалау жүйесінен (лоток) туысқандары және полиция қызметкерлері үлкендердің қарауынсыз қалып, белгісіз жағдайларда суға құлап, батқан 2022 ж.т. қыз баланың мәйітін тауып, шығарған.

Анықтамалық: 2022 жылы су айдындарында Шымкент қаласы бойынша 3 адам қаза болған, оның ішінде 2 бала.

  1. 05.05.2022 ж. Р. Талгатбеков 2006 ж. Абай ауданы, Ақбұлақ каналы.
  2. 15.07.2022 ж. Т.М.Садвокасов 1978 ж. Еңбекші ауданы, Маятас е/м, Рахат-Бадам су қоймасы.
  3. 07.08.2022 ж. А.Б.Осербек 2011 ж. Еңбекші ауданы, Қарабастау м/а, Бадам өзені.

Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген (Қаулы 13.05.2021ж. №289) оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген.

Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы.

Back to top button