Жаңалықтар

Шымкентте қызметтік иттердің көмегімен 27 қылмыс ашылды

Жыл басынан бері Кинологиялық қызмет орталығының сақшылары қылмыс ашу барысында 570 рет қызметтік іздестіру иттерін пайдаланған.

Нәтижесінде, алты ай ішінде төбеттердің арқасында 27 қылмыс ашылды. Оның ішінде, 11 ұрлық, 3 тонау, 1 қарақшылық, 2 адам өлімі, 3 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру және 6 есірткі қылмысы деректері әшкереленді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы есірткі заттарын іздестіру барысында қызметтік иттердің көмегімен жарты келі есірткі тәркіленді.  Мәселен, шілде айының ортасында Еңбекші АПБ-ның 102 арнасына отбасылық жанжал туралы шақырту келіп түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобымен кинология қызметкері де барды. Мән-жайды анықтау барысында, лақап аты “Марс” есімді қызметтік ит жергілікті тұрғынның үйінен жасыл түсті, хош иісті, есірткіге ұқсас заттар тапты.

Тәртіп сақшылары қажетті сараптама тағайындады. Қорытындысы бойынша тәркіленген заттар салмағы 9.17 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екені расталды. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі “ Есірткі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену және сақтау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, қызметтік иттер тек қылмысты ашуда ғана емес жолғанған жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді дер кезінде табуға да зор үлес қосып келеді. Осылайша, жыл басынан бері белгісіз бағытта жоғалып кеткен 3 баланы қызметтік иттер аман-есен тауып берді.

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді. Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, бопсалаушы оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.

Өз беделіне алаңдаған қала тұрғыны шабуылдаушының шартымен келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған. Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде қорқытып алу» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шыққанын білген арызданушының таңданысы мен ренішінде шек болмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button