Шымкент

1 млн теңгеге жуық ақшасын алдап алғанына арызданған

Шымкентте жалған сақшы әйелге экс-күйеуімен арасындағы проблемасын шешуге уәде беріп, ақшасын жымқырған. Азаматша полиция қызметкерлеріне олардың әріптесіне қатысты шағыммен жүгінді. Арызданушының айтуынша, танысы – полиция жедел уәкілі, одан үш ай ішінде 1 млн теңгеге жуық ақшасын алдап алған.

Алғашқы кездесуде-ақ өзін полицей деп таныстырған ер адам, әйелге бұрынғы куйеуі ақша қарыз екенін біліп, көмегін ұсынған. Қаскүнем мәселені өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, шешетінін айтқан. Алайда, жаңа достың «көмегі» тегін болмай шықты.

Құқық қорғаушылардың аталған тұлғаның полицияда жұмыс істемейтіні туралы ақпараты жәбірленуші үшін күтпеген жаңалық болды. Жайт СДТБТ-не «алаяқтық» бабы бойынша тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Абай АПБ-ның қызметкерлері тергеу әрекеттері барысында жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіге келтірілген залалды толығымен өтеді.

Шымкентте дүкендерге шатыр арқылы кірген әккі ұры ұсталды. Абай АПБ-на бірдей мазмұнды үш арыз түсті. Зардап шеккендер – Қайнар бұлақ саяжайының аумағында орналасқан дүкен иелері. Сауда нүктелеріндегі ұрлық түнгі уақытта жасалған. Барлық жағдайда күдікті ғимараттардың шатырын ашып, төбені бұзу арқылы ішке кірген.

Ұры екі дүкеннің кассасынан жалпы сомасы 130 мың теңге жымқырды. Ал, үшінші кәсіпкерден смартфон, ақша және сөредегі алкогольдік сусындар мен темекілерді қолды еткен. Оған келтірілген шығын ₸1 миллионнан асты. Заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық деректерін тергеп-тексеруді аға тергеуші Бибарыс Багов қолға алды. Тәртіп сақшысы әріптестерімен бірге қылмыс орындарын, жәбірленушілердің айғақтарын мұқият зерттеп, барлық куәгерлерден жауап алды.

Аталған жайттарды ашуда бейнебақылау камераларының жазбалары маңызды рөл атқарды. Олардың көмегімен полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт ұсталып, қамауға алынды. Оның тағы екі саяжай ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Алғашында біреудің үйінің ауласынан велосипед ұрласа, кейін зейнеткердің үйінен ұялы телефоны мен киім-кешектерді жымқырған.

Back to top button