Шымкент

Шымкентте көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті

Шымкентте көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу Абай ауданындағы Тұрлан елді мекенінде өтті. Тактикалық ойы бойынша отты абайсызда пайдалану нәтижесінде 9-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт орын алды.

Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері келгеннен кейін үй-жай отқа орнаған еді, екі адамды эвакуациялау қажет болды. Газ-түтіннен қорғау қызметтерінің буындарымен зардап шеккендер құтқарылып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасына тапсырылды, өрт жойылды.

Оқу-жаттығу барысында бірқатар кіріспе жұмыстары жүргізілді, олардың бірі жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру болды. Өрт сөндіру бөлімшелері автосатысының көмегімен биік ғимараттардан құтқару тәсілдерін көрсетті.

Биік ғимараттарда болуы мүмкін өрттердің негізгі себептері — жану мен от өнімдерімен эвакуациялау жолдарының оқшаулауы. Сондай-ақ, лифттер өрт кезінде адамдарды эвакуациялау құралы емес екенін есте ұстаған жөн.

«Шымкент қаласының жекелеген аумақтық бірліктері бойынша (шағын аудан, тұрғын алабы) 2021-2025 жылдар аралығында сейсмикалық, сел, су тасқынының алдын алу бойынша жаттығулар өткізудің перспективалық жоспарына» сәйкес Қаратау ауданында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу Тұран шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде өтті. Оқу-жаттығу соңында көп қабатты тұрғындарға «Жер сілкінісі», тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақшалары ұсынылды.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының психолог-маманы сейсмикалық оқу-жаттығу барысында шартты түрде зардап шеккендерге әңгімелесу арқылы көмек көрсетті.

Қаратау ауданында өткізілген сейсмикалық оқу-жаттығу барысында Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы шартты зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп, жедел машинаға тасымалдау жұмыстарын көрсетті.

Back to top button