Шымкенттік өрт сөндіруші 50 л газ баллонды шығарды
№2 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Ғалымжан Дүйсенбекұлы Битанов 50л газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды
9 тамызда Еңбекші ауданы Айсүгір көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт оқшауланып, сағат 19:42-де сөндірілді
Азаматтық қорғау сержанты ғалымжан Дүйсенбекұлы Битанов өз өмірін қатерге тігіп, оқиға орнынан елу литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Шымкентте көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу Абай ауданындағы Тұрлан елді мекенінде өтті. Тактикалық ойы бойынша отты абайсызда пайдалану нәтижесінде 9-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт орын алды.
Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері келгеннен кейін үй-жай отқа орнаған еді, екі адамды эвакуациялау қажет болды. Газ-түтіннен қорғау қызметтерінің буындарымен зардап шеккендер құтқарылып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасына тапсырылды, өрт жойылды.
Оқу-жаттығу барысында бірқатар кіріспе жұмыстары жүргізілді, олардың бірі жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру болды. Өрт сөндіру бөлімшелері автосатысының көмегімен биік ғимараттардан құтқару тәсілдерін көрсетті.
Биік ғимараттарда болуы мүмкін өрттердің негізгі себептері — жану мен от өнімдерімен эвакуациялау жолдарының оқшаулауы. Сондай-ақ, лифттер өрт кезінде адамдарды эвакуациялау құралы емес екенін есте ұстаған жөн.
Өрт орын алған жағдайда ғимаратта міндетті түрде қауіпсіздік дабылы мен қосымша шығу қондырғылары жұмыс атқаруы тиіс. Егерде олар жұмыс істемеген жағдайда барынша әрекет етуге тырысу керек. Бұл кезде ең бастысы шамаңызды анықтап, өзге адамға көмек беруге күшіңіздің жететініне сенімді болуыңыз қажет. Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында ғимараттарда алғашқы көмек беру құралдары: өрт сөндіргіш, сүймен, ілгек, балта, шелек құрығыларының болуы міндеттеледі. Әдетте олар адамдарға қолжетімді жерге орналастыралады. Өрт сөндіретін құм мен жер арнайы жәшіктерде механикалық күректермен сақталады. Шкафтарда арнайы су жүйесіне қосылған кран орналасқан.