Шымкент

Орталық қызметкерлері дін өкілдерімен кездесті

Жастар ресурстық орталығында «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында орталық қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге Әл-Фараби ауданы әкім аппараты қызметкерлері мен Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары қатысты.

Дін саласының өкілдері діни сауаттылық, дінаралық татулық, мәдени және ұлттық құндылықтарымызды сақтау және дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ұлттық құндылықтарымызға тигізетін кері әсері жөнінде толығырақ сөз етті. Сондай-ақ, жастар арасындағы жат ағым бағыттарымен бірге күресіп, алдағы жұмыс жоспарларын жандандыруға шақырды.

Аталмыш шара барысында бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі. Қазіргі таңда кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келетіндігі жайлы айтылды. Сондай-ақ сала мамандары қазіргі уақытта в контакте, инстаграм, ютуб, телеграм және де уатсап желілеріндегі келетін діни ақпараттарды қолданған кезде арнайы мешіт имамдарының және теолог мамандарының көмегіне жүгінген дұрыс деп санайды.

Діни экстремизм дегеніміз – ол идеологиялық шектен шығу, жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдірсе, ал терроризм ұғымы — қорқыныш, үрей деген мағыналарды білдіреді. Бүгінгі күнгі діни мәселелер мен осы саладығы күрделі проблемалар Қазақстанды ғана алаңдатып жатқан жоқ, жалпы ғаламдық дәрежедегі күрделі мәселеге айналып отырғаны мәлім. Осы орайда бүгінгі таңда дұрыс жолды таңдай білуіміз үшін елімізде тыйым салынған діни бірлестіктерден хабардар болғанымыз абзал.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданы әкім аппараты қызметкерлері құқықтық сауаттылық жөнінде сөз етіп, өзгеріс енген заң нормаларына тоқтала кетті.

Діни танымдықты арттыру бағытында кездесу өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет студенттері арасында жастардың діни танымдығын арттыру бағытында сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Back to top button