BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді тапсырды

Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуді тапсырып, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Президент адал азамат пен тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасатындықтан  жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету керек екенін алға тартты.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек”, – деді Тоқаев.

Back to top button