BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, алтауы ауруханаға жеткізілді

Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, алтауы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 1 қыркүйекте болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 48-шақырымы тұсында Toyotа Camry мен Lada Priora автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал, Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Lada Priora көлігінің бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button