BasNewsЖаңалықтар
Түркияда қазақстандық журналист екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапты
3 қыркүйекте Аланиядағы тас жолда сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты. Салдарынан қазақстандық әйел мен оның екі жасар қызы қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
TRT Haber арнасының мәліметінше, оқиға 3 қыркүйек күні кешке тас жолда болған. Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жасар қызы ауруханада көз жұмды.
Екі көлікте де Қазақстан, Түркия, Израиль және Ресей азаматтары болған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев көңіл айтты. Ол жол-көлік апатынан қоғам белсендісі Арайлым Бақытжан мен оның қызы қайтыс болғанын мәлімдеді. Жол апатынан оның күйеуі де зардап шеккен, ол қазір ауруханада жатыр.