BasNewsЖаңалықтар
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетті
5 қыркүйекте Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы жарияланды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін әкімді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетіні хабарланған.
Ол Ақтөбе облысын2022 жылдың 31 тамызынан бері басқарды.