Қазгидромет 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын хабарлады
Қазгидромет 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
10 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус аяз күтіледі. Павлодар облысының солтүстігі мен батысында найзағай, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында бұршақ жауады. Облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 15-20 метр.
Астанада 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр жауады, облыстың батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Еліміздің солтүстік бөлігі Петропавлда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғіп, түнде секундына 15-20 метр.
Ал түнде Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінен, оңтүстігінен, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Көкшетауда 10 қыркүйекте түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстік бөлігі Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең батыста найзағай күтіледі. Солтүстік, батыстан, шығыстан, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 10 қыркүйекте түнде Шымкентте найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метр.
Еліміздің батыс аймағында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбеде 10 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Ал Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 10 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қызылорда облысында түнде шығыста, күндіз батыста найзағай күтіледі. 10-11 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Оралда 2 градус аяз күтіледі. Ал кндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ақтауда 10 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде.