BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында үш жасар бала кәріз құдығына құлап мерт болды

Алматы облысында үш жасар бала балабақшада кәріз құдығына түсіп, көз жұмды. Мұны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

13 қыркүйек сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында үш жастағы бала балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлаған.  Ол ауылдық ауруханада мерт болды.

“Аталған дерек  ҚК 141-бабының 2-бөлігі “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау”  бойынша полицияда тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады ПД өкілі.

Тергеу барысын Әленов жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. ҚР ҚІЖК-ның 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Back to top button