BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы асылып қалды
Ақтөбеде 13 қыркүйек күні 11-сынып оқушысы асылып өлді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Ақтөбе полиция басқармасының мәліметінше, 13 қыркүйекте полицияға көршісінің қорасынан 2007 жылы туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Келген жедел-тергеу тобы кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады», – делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы облысында да 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды.