BasNewsЖаңалықтар

Қайрат Боранбаев алты жылға сотталды

Қайрат Боранбаев апелляциялық соттың үкімімен 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы кәсіпкерді ақша жымқырды және заңсыз алынған мүлікті заңдастыру бойынша кінәлі деп таныды.

Сонымен қатар Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және Ұлттық банкте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған еді. Алайда сот үкімнің күшін жойып, тергеу жалғасқан еді. Ал 14 қыркүйекте Боранбаевтың 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекетке қайтарғаны белгілі болды.

Back to top button