BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 643 миллион теңге ұрлаған «Қазақтелеком» есепшісі сотталады

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қалалық филиалының есепшісінің ісі сотқа жіберілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның айтуынша, бухгалтер 7 жыл бойы негізсіз аударымдар жасап, ақша жымқырған. Қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу мен тексеру аяқталды.

Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ филиалы есепшісінің аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Іс Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жолданды.
«Бухгалтер 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар жасап, 643 млн теңгеден астам сомада ақша ұрлады деп айыпталуда», – делінген ведомство хабарламасында.
Back to top button