BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім 6 оқушыны қағып кетті

Алматы облысындағы Нарынқол ауылында Subaru көлігін тізгіндеген 10-сынып оқушысы 6 баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше оқиға 21 қыркүйекте болған. 15 жастағы жасөспірім тізгінге ие бола алмай, тротуардак еле жатқан балаларды қағып кеткен. Салдарынан 2008 жылы туған бес бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

“Аталған дерек Қылмыс кодекстің 345-бабы 2-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша полицияда тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәлім болғандай жасөспірім ағасының көлігін рұқсатсыз айдап, дүкенге шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Back to top button