Елімізде екі ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Қазақстанның екі аймағында жастарға арналған ипотека іске қосылады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жастарға арналған ипотеканы Павлодар облысы («Ертіс жастары») мен Ақсу қаласының тұрғындары рәсімдей алады. Жергілікті билік Отбасы банкпен келісім жасаған. Қажет қаражатты әкімдіктер мен банк бірге бөледі.
Қатысушыларға қойылатын талаптар
Соңғы 5 жылда меншігінде жылжымайтын мүлік болмауға тиіс.
Ресми жұмыс өтілі өтініш берген сәтте 6–12 ай (аймаққа байланысты) болуы қажет.
Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Жастар қызмет ететін салаға қатысты шектеулер бар.
Ипотека шарттары
Бастапқы жарна — 10 %.
Қарызға берілетін ең көп сома — 10 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін, көлемі өңірге байланысты. Егер таңдалған үй одан қымбат тұрса, қалған ақшаны қатысушы өз қалтасынан төлейді.
Кредит мерзімі — 19 жылға дейін.