Атырауда балалар ауруханасында 10 адам лифтіде қамалып қалған
Атырау облысындағы емдеу мекемесінде лифт істен шығып, ішінде ата-атаналар балаларымен бірге қалып қойған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі AtyrauPress баслымына сілтеме жасап.
Жеделсаты ішінде болған адамдар оқиғаны видеоға түсірген.
«Құдай сақтап өлімнен аман қалдық. Есікті ашсақ, шахта көрініп тұр», – деді ата-ананың бірі.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі лифтте болған жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 кг, яғни 8 адам. Лифт есігінің сыртында тек “Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған” деген ескерту қағазы тұрғанымен, пациенттердің ата-аналары оны ескермей, 10-нан астам адам лифтке мінген. Шамадан тыс жүктеме болғандықтан, лифт уақытша істен шықты. Сағат 11:20-да техникалық ақау реттеліп, лифт қайта іске қосылғанын хабарлаймыз», – деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.