BasNewsЖаңалықтар

Доллар арзандап келеді

Қазақстандық қор нарығындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның орташа бағасы 431,94 теңге болды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Осылайша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 0,61 теңгеге нығайды.

Айта кету керек, Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері карантинге байланысты жабық тұр. Ал, Шымкенттегі орындар АҚШ валютасын 432-433 теңгеден саудалауда.

Ал, Ұлттық банк 10 наурыздан бері 1 миллиард 487 миллион 600 мың долларға интервенция жасаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button