ЖаңалықтарШымкент

Моншаны қатты қыздыру салдарынан өрт орын алды

Абай ауданы, Қайнар бұлақ саяжайында сағат 18:11-де өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнында Жаңақұрылыс көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында жазғы асхананың, көлемі 64 ш.м. құрайтын моншаның шатыры және моншаның екі есігі, 4 м3 жиналған ағаш отыны жанғандығын анықтады.

Өрт сағат 18:24-те оқшауланып, сағат 18:40-та толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша үйдің егесі моншаны қатты қыздыру салдарынан өрт шыққан.

Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері, 4 дана техникасы жұмылдырылды.

Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі 5 шақырым «Ордабасы» индустриялдық аймақтың аумағында сағат 22:10-да «Аль-Абай» ЖШС-на қарасты сабын шығаратын цех қоймасының ішінде сабын дайындауға арналған шикізат жанды. Өрттің көлемі 285 ш.м. құрады.

Өрт сағат 23:02-де оқшауланып, сағат 02:29 толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 дана техника, «Эко» ЖШС-ның 4 дана су тасығыш, 4 қызметкер, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері, 2 дана техника жұмылдырылды.

Шымкент қ.ТЖД «101» басқару пультіне сағат 14.11-де Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Садовая көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 120 ш. м. құрайтын тұрғын үйдің шатыры толығымен жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екендігін анықтады.

Тез арада өртті сөндіру, газ баллонды суыту жұмыстары жүргізіліп, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Нұрсұлтан Амангелдіұлы Абдукадиров өрттен 50 л. газ баллонды қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Өрт 14.36-да оқшауланып, 14.54-те сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.  Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, апаттар медициналық орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпті кезеңінде тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Back to top button