«Tumar apartments» тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Биік тұрғын үйлердегі өрттерді сөндіру кезінде Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөлімшелері жеке құрамының практикалық дағдыларын пысықтау, осы объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде бөлімшелерге басшылық жасау дағдыларын пысықтау, Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және АҚЖ» ММ бөлімшелерімен тұрғын үй кешені тұрғындарының өзара іс – қимылын пысықтау, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру – өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты еді.
Өрт-тактикалық жаттығулардың тактикалық ойына сәйкес, шартты өрт сегізінші қабаттағы №170 бөлмеде электр шайнегінің электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты болды. Өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі болды.
«Tumar Apartments» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өрт туралы «101» пультіне хабарлады. Диспетчерлік құрам шақыру орнына автоматты түрде шақырудың жоғары дәрежесі бойынша күштер мен құралдарды жіберді. Шартты шақыру орнына келгеннен кейін өрт сөндіру штабы және өртті сөндірудің екі учаскесі құрылды, электр қуатын өшіру жүргізілді, ол 220 В құрады. Өрттің таралу қаупі жойылды, шартты өртті сөндіруге арналған құралдар уақтылы берілді.
Бүгін де төтенше жағдайды жою, адам өмірін құтқару үшін хабарлама түсе сала оқиға орнына асығатын өрт сөндірушілер жолда талай кедергілерге жолығатыны рас.
Осы орайда өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы мамандардың қатысуымен сабақтар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ: №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Полиция департаменті Абай ауданы ПБ полиция лейтананты Ә.Әбдраймның, мамандандырылған жасақта Абай ауданы ПБ полиция майоры Б. Князов және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заңгері бас маман Р. Кадиевтің, сондай-ақ Тұран ауданы ПБ полиция аға лейтенанты Д.Нұрбектің қатысуымен кездесулер өткізілді. Іс-шара барысында жолда жүру ережелері ескертіліп, заң талаптары, түсіндірілді. Сондай-ақ ҚР ТЖМ келген бірқатар шолулар, оның ішінде еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі бойынша кемшіліктер бойынша шолулар таныстырылып, талқыланды. Заң талаптарын және еңбек қауіпсіздік ережелерін, әсіресе жолда жүру ережерін қатаң сақтау керектігі ескертілді.