Депутатпен бірлесіп өткізілген қоғамдық қабылдауда азаматтар құқықтық кеңестер алды
«AMANAT» партиясы Шымкент қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Әділет департаментімен бірлесіп, «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты Ш.Л.Қозбахов, Департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы П.Ермаханқызы, адвокат Е.Тлеуов және Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшілері А.Мырзагалиева қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар алимент өндіру, қандас мәртебесін алу, мұрагерлік іс, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен зейнеткерлердің түрлі мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.
Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясының Шымкент қаласындағы филиалымен бірлесіп «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Шымкент қаласының мәслихат депутаты, Н.Балабиев, Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, Шымкент қаласының нотариусы З.Орынбаева қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар жәрдемақы тағайындау, алимент өндіру, мерзімі өткен мұралық істі қалпына келтіру мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.
Азаматтар құқықтық кеңестер алды. Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы бірлесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Шымкент қалалық маслихатының депутаты Исахов Т.Ж., Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Карабаева және Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заңгері А.Мырзагалиевалар қатысты.
Азаматтар қолхат негізінде ақша өндіру, сотталған жұмысшының жұмысқа орналаса алмауы, шет елдік азаматқа туу туралы куәлік рәсімдеу, көршілердің өзара әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.